Димаштың концертіне билет жоқ

Қысқаша

10 желтоқсан күні Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жаңа «Аrnau tour ENVOY» атты концерттік бағдарламасын ұсынбақ.

D9HlR4LXsAEx8jd.jpg

Концерт билеттері сатылым басталғаннан-ақ санаулы сағаттың ішінде өтіп кеткен.

Димаш – дүние жүзіне танымал Barclays center аренасында өнер көрсететін тұңғыш қазақстандық музыкант болмақ. Әншінің әлемнің 50 еліндегі фанаттарының саны 10 миллионнан асып кеткен.

Айта кетейік,  концертті А¬Ш-тағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.


Рейтинг газеті