Мақтаарал футболы да мақтаныш

Қысқаша

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакенттегі «Алпамыс батыр» стадионында «Мақтаарал» футбол клубының ұжымымен кездесті.

75210881_498807430672710_8329241407256526848_o.jpg

Ол еліміздің бірінші лигасында өнер көрсететін команданы жігерлендіріп қамшылады.


– Мақтаарал ауданы мақтасымен ғана емес, дамыған футбол индустриясымен де танымал болуы қажет. Республикамыздағы ауданнан шыққан жалғыз команда ретінде ел біріншілігінде бәсекелі ойын көрсетіп жүрген «Мақтаарал» футбол клубы мен бірнеше рет «Қазақстан чемпионы» атанған клубтың жасөспірімдер құрамасы осы салада ауданның потенциалы жоғары екенін көрсетіп тұр. Біз футболымызды да брендке айналдырып, әрбір мақтааралдық мақтанатындай деңгейге жетуге тиіспіз, – деді Бақыт Насырханұлы.

Биыл «Мақтаарал» өз аланыңда жалпы саны 13 ойын өткізген екен. Оның ішінде 8 ойында жеңіспен, 5 ойында жеңіліспен аяқтаған. Сондай-ақ, сырт алаңда 12 ойын өткізген. Оның ішінде 5 ойында жеңіп, 2 ойында тең, тағы 6 ойында жеңіліс тапқан.

Қазіргі таңда турнирлік кесте де «Мақтаарал» алтыншы орында тұр. Әрине, бұл ауданнан шыққан команда үшін үлкен жетістік және бұл тәжірибелі жаттықтырушылар мен жоғары сапалы клуб менеджерлерінің арқасы екенін айта кету керек. Мақтааралдық футболшылар биыл жалпы саны 34 гол салған. Оның ішінде, сұрмергендердің көшін Бекнұр Рысқұл, Фаррух Шотурсунов, Абылайхан Махамбетов, Константин Задорожныйлар бастап тұр.


Рейтинг газеті