Ауыл клубтары қайта жаңғырады

Қысқаша

Жуырда Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізген болатын.


1563797955458577.jpg

 Қабылдауға келген Жаңа құрылыс көшесінің тұрғындары ағын су және ауыз су мәселелерін алға тартып, өтініштерін білдірген еді.

 

 Аудан әкімі аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның торындалуын өз бақылауында ұстайтының жеткізді.

 

Таяуда аудан басшысы аталған мекенге арнайы барып, тұрғындар өтініштерінің толық орындалғанына көз жеткізді. Н.Тұрашбеков  тиісті мекемелер мен окуруг әкіміне мөлтек ауданның жаңа үйлер түсіп жатқан беткейіне ауызсу мен ағын суды толыққанды жеткізуді тапсырды.

 

Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түлкібас ауданында көп жылдан бері жөндеу көрмеген мәдени нысандар қайта жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының рухани азық алатын орнына айналмақ. Осы орайда аудан әкімі Н.Әбдісаттарұлы  күрделі жөндеуден өтіп жатқан Елтай ауылдық клубында болып, жұмыс барысымен танысты.

 

Аталмыш нысан 100 адамға есептелген. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары 60 пайыздан асқан. Сондай-ақ аудан басшысы Алғабас ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. 100-ден аса адамға есептелген мәдениет нысаны жөнделіп, аумағы толығымен қоршалып, абаттандырылмақ.

 

Жаңадан жаңғырған мәдениет нысандарында ауыл жастарының музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалынбақ.

 

Рейтинг газеті