Көлгінов қырқында қамал алды

Қысқаша

Жиырма жылдан астам уақыттың ішінде Елордаға мұндай жас кадр әкім болған емес. Алтай Көлгінов биыл 41-ге толды. Қырықтан асқан шағында қамал алды. Шөкеев, Жақсыбеков, Тасмағамбетов, Мамин, Исекешев, Сұлтанов... бұған дейін тек сыртта жүрген Көлгіновті ен

Колгинов.jpg

 Бұл А.Көлгінов үшін қалай десек те үлкен секіріс.

 

Алтай Көлгінов Оңтүстіктің тумасы. Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Бас прокуратурада бастаған. Бұдан кейінгі жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы төрағасының орынбасары, Әділет министрлігінде басқарма басшысы болған. Бизнесте де бағын сынап көрген. 2010 жылдардан кейін Президент әкімшілігінде қызмет етті. Көлгіновтің бағын ашқан Батыс Қазақстан облысы. 2012 жылы ол БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Артынша Орал қаласының әкімі, 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімінің креслосына отырды.

 

Көлгіновтің Астанадан кейінгі креслосының да биік болары айдан анық.

 Рейтинг газеті