Жұмысы баяу, құрылысты бастамағандар да бар

Қысқаша

​Түркістан қаласындағы 29 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілген болатын. Бүгінде әкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Өңірлер мен компанияларға тиесілі 10 нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге

Мамин.jpg

 Ал  Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, «Petroleum Operatіng», «Sembol Constructіon» компаниялары жауапты музыкалық мектеп, спорт кешені, спорт мектебі, туризм бағытындағы колледжде жұмыс баяу болса,  «Хайвилл» компаниясы салуы тиіс тұрғын үй кешені мен «Самұрық Қазына» міндетіне алған қазпоштада құрылыс басталмаған.

Бұл жөнінде Премьер-министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында өткен жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. Ікімет басшысы алдымен құрылыс алаңдарын аралап, облыс орталығын дамыту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын, «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойынша жұмыстарды тексерді. «Арыс – Түркістан» каналы реконструкциясының және «Машинный» каналы құрылысының жоспары қаралды. Қ. А. Ясауи музейінің, Туристік визит-орталықтың, тарихи сәулет формасындағы Шығыс моншасының құрылысы жүріп жатқан жерлерді аралады. Өңір әкімдігі «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру және қалашықтың тарихи нысандарын реставрациялау жұмыстарының жоспарымен таныстырды.

 Сондай-ақ Премьер-министр Түркістан қаласының 2019–2020 жылдарға арналған кешенді құрылыс және дамыту жоспарын іске асыру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте өңір басшысы құрылыс, тарихи- мәдени нысандарды реконструкциялау, тұрғын үй мәселелерін шешу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу, жолдардың сапасын арттыру, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын, арнайы экономикалық аймақты дамыту қарқындары туралы баяндады. Әкімнің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін Түркістан қаласының әкімшілік -іскерлік орталығында 52 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл — 2300-ден астам пәтер, олардың ішінде 1200 отбасы, соның ішінде 270 аз қамтылған көп балалы отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етіледі. Ұзындығы 82,5 шақырым болатын 69 көшені жөндеу, ұзындығы 42,2 шақырымдық 47 көшені абаттандыру, сондай-ақ 12,8 шақырым велосипед жолын салу жұмыстары басталған. Өңірді газдандыру үшін 31,1 ша¶ырым магистральдық газ құбыры салынады. Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстарына 400-ден астам техника жұмылдырылып, 3500 адам жұмысқа тартылған. Жазғы кезеңде қосымша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

Жиында  Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы сарапшылармен бірлесіп, Қ. А. Яссауи ескерткішінің жағдайы, бекініс қабырғасын қайта қалпына келтіру және реставрациялау жұмыстарының Кесененің көрнекі қабылдануына әсері зерделеніп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев Түркістан қаласының көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, энергиямен, газбен және жылумен қамту желілерін дамыту туралы баяндады. Түркістан қаласындағы нысандарды жүзеге асыруға жауапты бірқатар облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының есебі тыңдалды. Кеңесті қорытындылаған Премьер-министр құрылыс жұмыстарын тәулік бойғы режимге көшіруді тапсырды.

Рейтинг газеті