Әскеріміз Нигерия мен Эфиопиядан әлсіз

Қысқаша

Әлем елдерінің әскери қуатын сараптап отыратын Global Fіrepower өзінің рейтингісін жыл сайын шығарып отырады. Бұл рейтингті құрастырушылар әлемдегі барлық елдердің әскери қуатын, қару-жарағының санын, армияға қанша қаржы бөлетінін, әскерге жарамды адам

d30913417f8932cc566887fb93674df0.jpg

Биылғы рейтингте бірінші орынды – АҚШ, екінші орынды – Ресей, үшінші орынды Қытай алды. Әрине, үшеуі де алпауыт. Әлемге өзінің ықпалын жүргізе алатын, қолында ядролық қаруы бар держава саналады. Мұндай деңгейге жетуге әлі қайда-а-а.

Оңтүстік Корея – 7-інші, Түркия – 9-ыншы, Мысыр – 12-інші, Иран – 14-інші, Пәкістан – 17-інші, Солтүстік Корея – 18-інші, Украина 27-інші орында тұр.

Беларусь те кейінгі кездері армияның күш-қуатына көп көңіл бөлетін елдердің қатарында екен (39-інші орын). Нигерия -44, Эфиопия 47-інші, Өзбекстан-48, Сирия-50, Әзірбайжан -52, Қазақстан 54-інші орында тұр.


Жоғарыдағы рейтинг бойынша Қазақстан Қарулы Күштері 2014 жылы 80-ші орында болған. 2015 жылы 66-орынды иеленіпті. 2017 жылы 53-орынға тұрақтаған. Ал былтыр үздіксіз өсумен келе жатқан Қазақстан армиясы 50- орынға көтерілген болатын. Үздік елулікке ену де оңай емес.  Сол кезде сарапшылар Қазақстанның қажет жағдайда 6 миллион адамды сапқа тұрғыза алатынын, ал бейбіт кезеңде 106 мың адам Қарулы Күштер қатарында қызмет ететінін мәлім еткен. Қазақстанның әскери бюджеті 2,4 миллиард долларды құрайды. 214 әуе ұшу техникасы бар. Құрлықта 300-ден астам танкіге, 1600 бронокөлікке, бұдан басқа мыңдаған техникаға иелік етеді.  Биыл Қазақстан армиясының бірден 4 позицияға төмендеуінің сыры неде?  Қазақстан былтыр 50-інші орын алған кезде Қорғаныс министрлігінің шенділері бұл көрсеткішпен келіспейтіндіктерін, Қазақстанның әскери күші бұдан да жоғары екендігін айтқан еді. Биылғы рейтингке олар не дер екен?  

Ресми мәліметтерге қарағанда, бізден әскери әлеуеті жақсы деген Өзбекстан армиясында әскери қызметке жарамды адам саны-13,3 миллионды құрайды.  Жыл сайын әскер жасына жететіндердің саны- 600 мың адам, әскер саны- 65 мың жауынгер.

Қырғызстан биылғы рейтингте 91-інші орын алды. Жалпы Орталық Азия елдерінде армиясы ең күшті ел әзірге Өзбекстан болып тұр.

Рейтинг газеті