Қаңтарда егілген қырыққабат

Қысқаша

Жетісай ауданының шаруалары қаңтар айында егілген қырыққабаттың алғашқы өнімін жинап, Ресейге экспорттауда. «Ықылас» шаруа қожалығы қырыққабатты қаңтар айының 10 күні еккен. Доға жабындымен көмкеріп, арнайы дәрумендерін берген. Қырықтан астам адамды жұм

Жтсай.jpg

  Алғашқы терімде-ақ шаруа қожалығы 20 тонна өнімді Ресей Федерациясына жөнелткен.


  Жалпы биыл ауданда көктемгі дала жұмыстары қарқынды. Қазірдің өзінде 40 мың гектар жер тырмаланып, 25 мыңнан астам гектар жер қопсытылды.  Биыл аудан бойынша 45 мың гектарға мақта шитін себу көзделген. Мамандар жанар-жағармай мен тыңайтқыштардан тапшылық болмайтынын айтуда. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары басталады. Болжам бойынша биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге «ақ алтын» шитін себуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, аудандағы ерте егілген көкөніс көлемі 1417 гектарға жеткен. Бұдан бөлек, 2446 гектарға жаңа жоңышқа, 4,5 гектар жерге жүзім егілген. Ал, ерте егілген үлбірлі қауын көлемі 8 400 гектарға, қарбыз 3670 гектарға жетіп отыр. Жалпы Жетісай ауданында биыл 77 274 гектар жерге егін егілмек.

Рейтинг газеті