Сапалы өнімге сұраныс жоғары

Қысқаша

Аудандағы шаруа қожалықтарына немесе өндіріске қатысты мәселе кеңседен гөрі далада тезірек шешімін тауып жатады. Әрине, көбінесе лауазымды тұлғалардың жұмыс сапары барысында.

 сапалы .jpg 

  Мысалы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болған кезде алма бау көлемін ұлғайту мақсатында «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативіне Түркістан қаласынан жер телімі берілетінін айтты. Ал «Қайып ата» ЖШС-нің жұмысымен танысқан облыс әкімі шетелге ет өнімін экспорттау үшін қожалықты арнайы реестр тізіміне қосып, қолдау көрсетілетінін жеткізді.


  «Қайып ата» ЖШС-нің мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында орналасқан. Кешенде бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Мұнда өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан оған сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шетелдерге экспорттау жұмысын да қолға алған.


  Өңір басшысы алдымен «Қазығұрт» индустриалды аймағында болып, ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты. Аймақтағы сусын өндіретін «Көрік» ЖШС-де болды. Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын кәсіпорын 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын тәулігіне 8 тонна сусын шығарады. Онда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан кейін облыс әкімі Шарапхана ауыл округінде орналасқан «Қазығұрт Нұры» ЖШС-нің жылыжайында болды. Жалпы аумағы 2,9 гектар, қызанақ пен қияр өсіретін серіктестік төрағасы Аманжол Әшірбаевтың айтуынша,  өткен жылы жалпы 340 тонна өнім алынған. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Жылыжайда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезінде олардың саны 30-35-ке дейін жетеді. Айлық жалақылары 55-70 мың теңге көлемінде. Шаруашылық жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруаларға жылыжай кешеніне керекті жабдықтарды отандық өндіру-шілерден алу қажеттігін айтты.


  Сондай-ақ, облыс әкімі 70 гектар жерде қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Онда қазір алманың «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала Фуджи», «Грени», «Смит» сынды түрлері өседі. 

Рейтинг газеті