Парламент Назарбаев кеңсесін заңға енгізді

Қысқаша

Кеше, Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елдің үш жылдық бюджеті туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Сенаттың ұсыныстарымен қосып мақұлдады. Аталған жобаны Жоғары палата Президенттің жалақыны 1 маусымнан бастап өсіру

maxresdefault-e1494505049120.jpg

  Сенат ұсыныстарын қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Серік Құсайынов таныстырды. Оның айтуынша, аталған үш бағытқа бюджеттен қосымша 38 миллиард теңге жұмсалады.


  Заң жобасына Сенат енгізген толықтырулар талқыланбастан бір ауыздан мақұлданды.


   Бұған дейін, 2 сәуірде Қаржы вице - министрі Татьяна Савельева 38 миллард теңгенің 1 миллиард теңгесі «ендігі тіркеліп қойған жаңа мемлекеттік органды – Елбасы кеңсесін құруға жіберіледі»,- деген болатын.


  Бұдан бөлек, «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заң бойынша, Назарбаевты қызметтік кеңсе, пәтер, тұрақты күзет және байланыстың барлық түрімен жабдықтау қарастырылған. Н.Назарбаевқа бюджеттен Президент айлығының 80 пайызына тең көлемде ай сайын зейнетақы қарастырылған. Өмірі мен денсаулығына байланысты Президенттің жылдық жалақысына тең міндетті мемлекеттік сақтандыру тағайындалған.

Рейтинг газеті