Тұрғымбаев құмар ойынға тосқауыл қоймақ

Қысқаша

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында бір азаматша ұлының құмар ойындарға салынып кеткеніне арызданған.

  ерлан тургымбаев.jpg

  Ананың айтуынша, ұлы ұзақ уақыт бойы компьютерлік клубтарға барған. Оның ақыры виртуалдық құмар ойындармен әуестенуге алып келіп, нәтижесінде ұлы ірі сомадағы ақшаларды ұтылып қалған. Онымен қоймай мүліктерін де тіккен, қарызға белшесінен батқан.


  Осы арызданудан кейін Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментімен бірлесіп, елордада шұғыл-іздестіру шараларын жүргізген. Қалада заңсыз құмар ойын ұйымдастыру фактілері анықталды.


  Операция барысында 19 нысан тексеріліп, 32 ойын терминалдары табылды. Заң бойынша Қазақстанда интернет-казиноға тыйым салынған. Ойын автоматтары Щучинск және Қапшағай қалаларындағы казиноларда ғана орнатылуы керек.


  Қазір осы фактілер бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалды.  Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Рейтинг газеті