Таразда инвестор бар, жер жоқ

Қысқаша

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңес отырысы өтті.

тараз.jpg

«Жамбыл» телеарнасының хабарлауынша, жиында аймақтық кеңестің төрағасы Дамир Егізбаев баяндама жасап, қазіргі таңда аймақтағы қалыптасқан жағдайды баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда бірнеше жобалар бойынша инвесторлар тарту мәселесі қарастырылып жатыр.  Мәселен, “Ekojer” ЖШС-і құны 17,5 млрд теңге болатын тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салуға ынталы.  Ол үшін 18 гектар жер қажет. Алайда, бұл мәселе шешілмеген. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру мерзімі мен жұмысты үйлестіру туралы меморандум күтілуде. Жоба жетекшілері Астанадағы инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Мұндай шешімін күткен жобалар саны оннан асады. Жиында сондай-ақ, «Тараз-Инвест» Ұлттық компаниясының өңірдегі  өкілдері де атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады. Айтуларынша, жыл басынан бері орта және ірі бизнес өкілдерімен отызға жуық кездесулер өткізілген.  


  -Бұл  бағыттағы жұмыстарды әлі де болса ширату қажет,- деді әкім. Яғни, инвесторларға барынша жағдай жасалуы қажет. Оларға жер учаскелерін бөлу, рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сынды қызметтерде ешқандай кедергілер болмауы тиіс. Облыстағы  аймақтық даму институттарының негізгі тапсырмасы өңірге инвестиция тарту және инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қолайлы жағдай жасау. Асқар Мырзахметов, жауаптыларға нақты бағыттары көрсетіліп, тыңғылықты талдау жүргізілген жұмыс регламентін қайта жасақтауды тапсырды.

Рейтинг газеті