Маңғыстауда кедейлер аз ба?

Қысқаша

1 сәуірден бастап Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігі хабарлады.

 мангистауда кедейлер аз ба.jpg

  Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініштер жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде қабылданады.


  Бірінші күні атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңес алуға 18 137 адам жүгінген, оның ішінде 11 220 адам тиісті өтініш берді. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі Алматы облысында - 2712, Қарағанды облысында – 2086, Түркістан облысында – 1800 тіркелді. Адамдар ең аз жүгінген Маңғыстау облысында – 70 адам.


  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек жүгінген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.


   1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемі күнкөріс минимумынан 50 пайызынан 70 пайызына дейін өсіп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер көмектің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 теңгеден төленеді.

Рейтинг газеті