Әбілқасымованың қызметі де, жалақысы да төмендеді

Қысқаша

Жаңа Үкіметтің құрамына ене алмай қалған Әбілқасымова қызметсіз қалған жоқ.

photo_240203.jpg

Апта басында ол  Ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өзінің орынбасарының тағайындалуына қатысты пікір білдірді:


   -Барлық вице-министрлер Үкімет шешімімен тағайындалады. Мәдина Әбілқасымова осыған дейін Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен болатын, яғни халықаралық блокпен айналысты. Енді жаңа қызметінде де осы бағытқа жауапты болады. Менің алдыма бірқатар міндеттер  қойылды, сәйкесінше жұмыстың жемісті болуы үшін өзімнің орынбасарларымнан талап етемін.  Бүгінде менің бес орынбасарым бар. Мен қарамағымдағы адамдардан жұмыстың орындалуын талап етемін. Олардың еңбекақысы арнайы кестемен реттеледі, вице-министрдің еңбекақысы министрге қарағанда төмендеу - деді Р. Дәленов    Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында. 

  

   Әбілқасымова бұған дейін де Ұлттық экономика вице-министрі лауазымын атқарған. 2018 жылы ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалып, бұл қызметті бір жыл атқарған еді. Көпбалалы аналардың көтерілісінен кейін көпшілік оның отставкіге кетуін талап етті. Жаңа қызметі Әбілқасымованың  лақтырып тастай салатын кадр емес, өте маңызды істерді сеніп тапсыруға болатын маман екендігін байқатқан сияқты.

Рейтинг газеті