Қазақтар – отыздыққа, өзбектер – жиырмалыққа

Қысқаша

Соңғы кездері экономикасында тың серпіліс жасаған Өзбекстан таяу жылдары осы салада үздік жиырмалықтың рейтингісінен ойып тұрып орын аламыз деп отыр.

казахстан.jpg

 “365 инфо” сайтында  «Даму стратегиясы» орталығының атқарушы директоры Эльдор Туляков Өзбекстанның әлемнің үздік 20 елінің қатарына енуді қалай жоспарлағанын баяндапты.

  Оның айтуынша, Халықаралық әлеуметтік-экономикалық рейтингтер арасында ең алдымен Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу» рейтингісі маңызды саналады. Ол 190 елдің 10 көрсеткіші бойынша бизнестің өміршеңдігін бағалайтын жыл сайынғы сауалнамалардың нәтижесімен жасалады.

    Бұл рейтингте Өзбекстан соңғы 5 жылда ең үздік реформатор елдердің ондығына кірген.  Бизнеске қолайлы кәсіпкерлік орта құруда 2012 жылы 166 орын алса, 2017 жылы 74-інші орынға көтерілген. Бүгінгі таңда 2022 жылға дейін Өзбекстан рейтингтің топ-20 елінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін іскерлік климат орнату міндеті белгіленген. Ел президенті Шавкат Мирзияев қол қойған маңызды құжатты сарапшылар Өзбекстандағы реформалардың жаңа кезеңі деп  атап отыр.

   Қысқасы, Қазақстан дамыған отыз елдің қатарына енуді көздеп жүргенде өзбектер жиырмалықтың асуын бағындыруды қолға алып жатыр.

Рейтинг газеті