Қазақстанның ең қымбат бренді

Қысқаша

Украиналық MPP Consultіng зерттеу агенттігі «Рахат» кондитерлік сауда белгісін Қазақстанның ең қымбат бренді деп тапты.

big_br1427075184_1426843387.jpg

Бұл бренд 96 миллион долларға бағаланып отыр. Екінші орынға сүт өнімдерін шығаратын «Айналайын» белгісі (83 миллион доллар) лайық деп танылыпты. Үшінші орында «Хаома» белгісі (61 миллион доллар). Алғашқы ондықта 46 миллион долларға бағаланған Kaspі bank (9-ыншы орын) те бар. 

  - Осы аталған брендтер өте қымбат саналады. Мұндай деңгейге кез-келгеннің қолы жете бермейді,- депті аталған агенттіктің директоры Павел Мельник.

  Тізімде жалпы Қазақстандағы 50 бренд бар. Оның ішінде «Халық банк» - 11-орында, «Цесна банк» - 12-орында, «Тассай» - 16-орында, «Гелиос» - 18-орында, «Казком» - 21-орында, «Асем-Ай» - 29-орында, «Арзан» - 46-орында тұр.

  Ең соңғы елуінші орынды «Фиркан» иеленген.   

Рейтинг газеті