Ең аз жалақы мұғалімде

Қысқаша

Ұлттық экономика министрлігінің таратқан мәліметіне қарағанда, былтырдың төртінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 176 050 теңге болған. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 107,5 пайызды, ал нақты жалақы

    c8d18346947f8586a709def602215cf3_L.jpg

   Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 390,4 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге көп. Қаржы және сақтандыру қызметінде - 364,7 мың теңге (2,1 есеге көп), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есеге көп), ақпарат және байланыс саласында   – 261,7 мың теңге (1,5 есеге көп), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есеге көп) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 107,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7  пайызға  төмен.

 

    Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 320,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Түркістан облысында  109,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,7 пайызға төмен.

 

   Айта кетері, Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Рейтинг газеті