«Шежірелі мекен» атты станциялық бекет ойынының сценарийі

Қысқаша

«Шежірелі мекен» атты станциялық бекет ойынының сценарийі

Screenshot_6.jpg

 «Шежірелі мекен» атты станциялық бекет ойынының

СЦЕНАРИЙІ

Іс – шараға жауаптылар:

Давидов И. У  информатика пәнінің мұғалімі

Ерназарова А. Ш  ұйымдастырушы  ұстаз

 

Өткізілетін уақыты: 03.08.2020ж, сағат 20.00

Өткізілетін жері: «Балдәурен» РОСО филиалы, мектеп корпусы, АКТ зал, «достық» көпірі, «жастар» алаңы, жазғы сахна, жұлдыздар аллеясы, теннис алаңы.

Қатысушылар: 2020 жылдың 10 - ауысым қатысушылары, қонақтар, педагогикалық ұжым.

Іс-шара түрі:  станциялық бекет ойыны

Мақсаты:  Топтық сайыс арқылы оқушыларды көркем мінезге, адамгершілікке, достыққа, патриоттық  ізгілікке, топ ішінде жұмыс жасауға, тапқырлыққа баулу. Орталығымызға келетін оқушыларға жас өрендергееліміздің шежірелі мекені туралы ақпараттар беру. Сол өңірдің тарихи орындары туралы   жан-жақты мәліметтер беру.

Міндеттері:

·       ауысымға келген қатысушыларға шежірелі мекені туралы ақпараттар беру, халқымыздың тарихы,  киелі орындары жайында білімдерін толықтыру;

·       оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

·       еліміздің жас азаматтарының бойына рухани тәрбиені сіңіру;

Қажетті құралдар: Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд, презентация,     видеоролик.

Іс-шараның барысы:

1. «Қожа Ахмет Яссауи» бекеті АКТ зал

Айдар Асанәлі - ұйымдастырушы ұстаз

2. «Арыстанбаб»  бекеті «Достық» көпірі

Алайдаров Бексултан -  ұйымдастырушы ұстаз

3. «Тайқазан» бекеті «Жастар» алаңы

Әлібеков Ерасыл - Ұйымдастырушы ұстаз

4. «Отырар» бекеті – 6 корпус 1 қабат (6/1)

Давидов И. У - информатика пәнінің мұғалімі

5. «Домалақ ана» бекеті-6 корпус 1 қабат (6/3)

Сарсенбаева Д.- Педагог-психолог

6. «Кеме қалған» бекеті-Жазғы сахна

Орынбасаров Жандос – ұйымдастырушы-ұстаз

7. «Хандар» бекеті - жұлдыздар аллеясы

Қызметова М. Орталықтың әдіскері

8. «Билер»  бекеті-Теннис алаңы

Джолаева Улдана – ұйымдастырушы-ұстаз

9. «Жылаған Ата» - бекеті Кітапхана

Касым Айман – Ұйымдастырушы-ұстаз

Осы тоғыз бекетте, аталған бекеттер жайлы мәліметтер беріледі және сұрақтар қойылады.

Қожа Ахмет Ясауи бекеті

Сұрақтар

1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында қай ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат(Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. )

2.Қожа Ахмет Ясауи ғимараты – кімнің бейітінің басына орнатылған?       (Қожа Ахмет Ясауи ғимараты   сопылықты уағыздаушы Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған.)

3. Ахмет Ясауидің «Диуан-и Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы қай  тілде жазылған?

 (көне түрки тілінде)

2. «Арыстанбаб»  бекеті

Сұрақтар

1. Арыстан баб кесенесі — қай жердің сәулет өнері ескерткіші?(көне Отырар жерінің).2. Арыстан баб кімнің ұстазы болған? (Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған)

3. Қабір үстіне алғашқы белгі қай ғасыр шамасында салынған? (12 ғасыр)

3.                «Тайқазан» бекеті

Сұрақтар

1.Бұл қазан кімнің тапсырысымен құйылған? (Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен құйылған.) 2.Тайқазан сирек кездесетін неше түрлі асыл металдың қоспасынан құйылған? (Тайқазан сирек кездесетін жеті асыл металдың қоспасынан құйылған.) 3. Қазанның салмағы неше тонна, сыйымдылығы неше литр? (Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3000 литр)

4. «Отырар»  бекеті

Сұрақтар

1.Отырар қай жерде орналасқан? ( Түркістан облысы Отырар ауданының Темір  жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.)

 2.Отырар 8 ғасырдың басынан қандай  атаумен белгілі болған? (Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі болған)

3. Қай ғасырдың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді? (14 ғасырдың)

5. «Домалақ ана» бекеті

Сұрақтар

1. Домалақ ана қай ғасырлар тоғысында өмір сүрген? (6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген)

2.Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) қайсы биге тұрмысқа шығады? (Бәйдібек биге)

3. Домалақ ана кесенесі қай жылы қайта жөндеуден өткізілді? (1957 жылы)

6. «Кеме қалған» бекеті

Сұрақтар

1. Қазығұрттағы кеме қайсы пайғамбардың кемесі? (Нұх пайғамбардың)

2. Нұх пайғамбар Адам атаның нешінші ұрпа­ғы? (Нұх пайғамбар Адам атаның тоғызыншы ұрпа­ғы.)

 3.Көгершін жер бетіне шы­ғып бір көктеп тұрған қайсы ағаштың жапырағын аузына тістеп алып келеді? (зәй­түн ағашының)
7. «Хандар» бекеті

Сұрақтар

1. Қасым хан дәуірінде қандай заңдар жинағы жарық көрді? ("Қасқа жол")

2.Есім хан тұсында қандай заңдар жинағы жарық көрді? ("Ескі жол")

3. Тәуке хан заманында қандай заңдар жинағы жарық көрді? («Жеті жарғы»)

8. «Билер»  бекеті

1. Қазақ билері — ерте заманда не қызмет атқарған?  (Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған.)

2. Қазақ халқының бұл билері елді нені сақтауға шақырған? ( Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырған)

  3. Ұлы жүздің биін атаңыз. (Төле би)

9. «Жылаған Ата» бекеті

Сұрақтар

1.Жылаған ата үңгірі қай жерде орналасқан?  ( Жылаған ата үңгірі – Түркістан қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.)

2. Жылаған ата басына бара жатырғанда жолда кездесетін тау қыратын жергілікті халық не деп атап кеткен? (Титаник деп) 

3. Жылаған ата үңгірінің тереңдігі неше метр? (тереңдігі 50-60 м.)

Screenshot_1.jpg

ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы