Түлкібас: Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінде жарамазанды насихаттау шарасы өтті

Қысқаша

Түлкібас: Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінде жарамазанды насихаттау шарасы өтті

Screenshot_5.jpg

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай, рухани сананы жаңғырту мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жарамазан - жақсылықтың жаршысы» атты іс-шарасы өтті. Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінде өткен шараға ауданның бас имамы Мағаз Серікұлы, аудандық Мәдениет үйінің директоры Айнұр Үсенова, аудандық мәдениет үйінің мәдени қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Базылжан Сариев және өзге де мәдениет қызметкерлері қатысты. Жиын басында еліміздің көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу мақсатында мәдениет қызметкерлері ауыл ақсақалдарымен қосылып, көшет отырғызды. Айта кетейік, ауданымыздың шығысынан басталған көшет отырғызу шарасы барық мәдениет орындарында жалғасын табады. 

Қасиетті айдың қадірі мен қасиетін, мән-мағынасын кеңінен ауыл ішінде насихаттау барысында ауданның бас имамы Мағаз Серікұлы ораза кезінде айтылатын жарамазанның тарихына тереңнен тоқталып өтті. «Рамазан айын мұсылман халқы жаңа айдың туғанымен қатар келеді деп есептеген. Жаңа айдың туғанын көру үшін қыр басына шығып бақылайтын болған. Айды көрген ауылдың жас балалары үйді-үйді кіріп сүйінші сұраған. Араб тілінде «жа» сөзі келді деген мағынаны білдіреді, яғни рамазан келді деген мағына саяды. Жарамазан негізінен үш бөліктен тұрады, үй иесінің жақсы тұсын айтып өту, дінді насихаттау және бата беру»,-деп жарамазанның мәнін түсіндіріп өтті. Шараның мақсатына сәйкес, Шақпақ баба ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінен құралған «Арша» тобы және аудандық Мәдениет үйі өнарпаздары жарамазанды түрлі бағытта шырқады. Жиын барысында Базыл Сариев жарамазанның фольклорлық жыр екенін атап өтті. 

Шара соңында ауыл ақсақалдары бата беріп, Ораза ұстаған жанның ниеті қабыл болуын тіледі. Аудандық мәдени іс-шаралардың жоспарына сәйкес алдағы уақтта да осындай игі бастамалар жүзеге аспақ.

#руханижаңғыру

#құтмекен

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі