Прокурорлар Абайды дәріптеді

Қысқаша

Мысалға алар болсақ, Шымкент филиалының қызметкерлері «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, ұлы ақынның отыз бірінші қара сөзін оқып, отыз жетінші қара сөзінен цитата оқып, желіге жүктеп, дүйім жұртты қызықтырғаны бар.

Screenshot_38.jpg

Абай тойын атап өтуде белсене ат салысқан мекемелердің бірі Шымкент қаласының прокуратура органдары өз қызметкерлерінің арасында ұлы ақын «Абай оқулары» байқауын ұйымдастырды. Оған 22 прокуратура қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады.

Жиынның ашылу салтанатына қала прокуроры Мақсат Қожабаевтың өзі қатысып, бірінші рет өткізіліп отырған сайыстың мақсатына тоқталып, Абай мұраларын кеңінен дәріптеу арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Абайды таныған оның жазбаларымен сусындаған қызметкерлер мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде атап өткен болатын.

"Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Абайдың отаны әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі", - деген еді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барған кезде. Осыдан кейін Желіде Абай өлеңдерін оқу эстафетасы қыза түсткен болатын. Әлеуметтік желіде бастау алған эстафетаға қала белсенділері де қолдау білдіріп, қызығушылық танытты. 

Мысалға алар болсақ, Шымкент филиалының қызметкерлері «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, ұлы ақынның отыз бірінші қара сөзін оқып, отыз жетінші қара сөзінен цитата оқып, желіге жүктеп, дүйім жұртты қызықтырғаны бар.  Өз кезегінде қаладағы мектеп оқушылары да, орта және жоғарғы оқу орындарының түлектері де жан сала аталмыш эстафетаға ат салысып, әлеуметтік желілерге оның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, ақын шығармашылығын дәріптеуде үлестерін қосуда.