Премьер-министр Түркістандағы жаңа ғимараттардың құрылысын тексерді

Қысқаша

Премьер-министр Түркістандағы жаңа ғимараттардың құрылысын тексерді

Screenshot_17.jpg

Түркістан қаласына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілуде. Болашақта Түркістан Қазақстандағы ең көрікті қалалардың бірі болмақ. Туристік әлеуеті артып, әлем халқын сүйсіндіретін қала болары анық. "Мәскеу бір күнде соғылмады" демекші, дәл қазір Түркістанда қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Бұл құрылыс жұмыстарын тексеру үшін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен барды.

Премьер-Министр Түркістан қаласын жаңғыртудың 1-кезеңі аясындағы жұмыстар барысын тексерді, оның ішінде әкімшілік, әлеуметтік және тарихи-мәдени маңызы бар нысандар: әкімдік, басқармалар және департаменттер ғимараттарының, медиа орталықтың, «Нұр-Сұлтан» алаңының, Олимпиада реверві спорт мектебінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, музыка мектебінің, аттракциондары бар қала саябағының, неке қию сарайының, визит-орталықтың, Шығыс моншасының, амфитеатр мен қалалық Арбаттың құрылысын тексерді. 

А. Мамин Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевпен және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевпен бірге Н. Оңдасынов атындағы аллеяға ағаш отырғызып, көшет отырғызу бойынша республикалық акцияны бастады.