Туризмді дамытуда медицинаның маңызы зор

Қысқаша

Туризмді дамытуда медицинаның маңызы зор

Screenshot_5.jpg

Израильге дүниенің түкпір-түкпірінен адамдар емделу үшін барады. Медицинадан түсетін табыс өте жоғары. Осыған орай медицинаны дамытқан өте маңызды. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов аппараттық мәжіліс барысында күн тәртібіндегі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының орындалуы бойынша Түркістан қалалық емханасының жұмысын назарға алды деп хабарлайды Түркістан газеті. 

Қалалық емхананың бас дәрігері Жанар Оспанованың баяндауынша, мекеме медициналық туризмді дамытуды алға қойған. «Бізде мүмкіндік жеткілікті» деген бас дәрігер күрделі хирургиялық оталар жасайтын мамандардың барын хабарлады. Облыс бойынша ең үздік тәжірибелік орталық саналған емханада 10 бөлім бастапқы медициналық көмек көрсетеді. 2018 жылы 101 мыңнан аса халыққа қызмет етсе, биыл бүгінгі күнге дейін 94 мыңнан аса халыққа көмек көрсеткен. Оның ішінде ересектер, жасөспірімдер мен балалар да бар. Кәсіби біліктілігін арттырған мамандар саны биыл 280 орта буынды қызметкерді құрап отыр. Ал, былтыр олардың саны 129 болған. Тәжірибе алмасу бойынша АҚШ және Ресей Федерациясымен біріге жұмыс істеуде. Алда Түркияға мамандар жіберу жоспарда. Түркияға барған мамандар біліктілігін арттырып, елге білім жинап қайтады. Бұл білімді медициналық туризмді дамыту үшін пайдаланатын болады. 

«Түркістан – туризм және ішкі сауда бойынша дамиды» деп сөзін тұжырымдаған Рашид Абатұлы осы апта ішінде денсаулық сақтау мекемелерінің жай-күйімен танысатынын ерекше атап өтті.