Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер дарбаза қақпасы арқылы кіре алады

Қысқаша

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер дарбаза қақпасы арқылы кіре алады

Screenshot_5.jpg

Туристердің ерекше ықыласына ие Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы  Мүсәлла, Тәкия қақпалары маңы мен  "Түркістан тарихы" музейі және Ардагерлер аллеясы аумағын абаттандыру мақсатында дренаж жұмыстары жүруде. Бұл жұмыстарды "Базис - А" құрылыс компаниясы жүргізуде.

ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында дүниежүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы екені баршаға белгілі.

Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 88,7 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.

Қорық – мұражай құрамына кіретін тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. 

Осы орайда, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келуге туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтіне отырып тамыз-қазан айлары аралығында Есімхан алаңы тұсындағы Дарбаза қақпасы арқылы келе алады. Дарбаза арқылы келе отырып, туристер өздерін ежелгі заманға өтіп кеткендей сезініп, сол замандағы сезімдерді бастан кешіреді. Дарбаза - туристтердің қиялын көкке жетелеп, ерекше әсер етеді. Алдағы уақытта мұнда туристерге Орта ғасырдағы өмірді көз алдарына әкелу үшін көптеген жұмыстар атқарылатын болады.