Туризмді дамытуға қатысты нақты ұсыныстар айтылды

Қысқаша

Туризмді дамытуға қатысты нақты ұсыныстар айтылды

949c73340ffedcfdceb3290a8ecf9f7c.jpg

Жастар жылында Түркістан облысының жаңа тағайындалған әкімі Рашид Аюпов жұмысын жастармен жүздесуден бастады. Себебі, жастар – қоғамды қозғаушы күш. Талантты, білімді, білікті жастар бір іске жұмыста алынбайтын қамал жоқ. Осындай әлеуетті күшті ел игілігі үшін тиімді пайдалана білген абзал. 

Облыстық жастар ресурстық орталығында өткен жиында қала әкімі Түркістанда қауіпсіз және таза қалаға айналдыру қажеттігін айтып өтті. Қауіпсіз және айнадай таза қала туристерді көптеп тартады. Бір келген турист келесі жолы қайта айналып соғады. Бұл қала туризмін дамытады. Осындай перспективалы іске қандай жастар ат салысқаны жөн? Жастар ең бірінші кезекте зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн. Кездесуде жастар болашаққа балта шабатын букмекерлік кеңселерді қала орталығынан көшіру жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, Түркістанда кеңнен таныту үшін әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс істеу, желілерге түрлі бейнероликтерді жүктеу керектігі айтылды. Себебі, көпшілік, кез-келген турист қазір кез-келген қала, нысан туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желіге кіріп, фото, видеоларын көріп мағлұмат алады. Осыған орай, әлеуметтік желілермен белсенді әрі сауатты жұмыс істеу – заман талабы болып тұр. 

Және де жастар тарапынан қоғам қайраткерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруды қолға алу керектігі айтылды. Жас буын мен аға буын арасында ұрпақтар сабақтастығы орнаса келер ұрпақ тәрбиелі болатыны жөнінде тұщымды ойлар айтылды.

Кездесуде айтылған ойлар мен пікірлерді байыппен тыңдаған Рашид Абатұлы алдағы уақытта қалада апта сайын оң өзгерістер болатындығын атап өтті. Қойылған сауалдарға тұщымды жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады. Елдің болашағы жастардың қолында екендігін баса айтып, білімді болуға, тіл үйренуге үндеді.