Ата дәстүр – ардағымыз болуға тиіс

Қысқаша

Ата дәстүр – ардағымыз болуға тиіс

15.jpg

Бүгін Шардара ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық түсіндіру топтары, аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала және ауылдық округтердегі ауыл билері, қала, ауыл әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысты. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

–Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың дәстүрлі рухани мәдениетін дәріптеу, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау. Рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күресудің жолын түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ, халықтың рухани санасын жаңғырту, салт-дәстүр, мәдениетімізді сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеудің құндылығын әрбір азаматқа түсіндіре білу – бүгінгі жиынымыздың басты өзегі болмақ, - деді Бауыржан Қуанышбайұлы.

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тарапынан қыз баланың тұсауын кеспеу, ұл баланы бесікке салғанда «бесікті сату» секілді ырымдардың дұрыс еместігі жөнінде айтылған сөздерге залға жиналған тұрғындар түрлі сауалдар қойып, оған тұщымды жауаптар алды. Сахнадағы үлкен экранда жат ағымға кіріп, ақырында түрмеде отырып, өз ісіне өкініш білдірген жандардың бейнеролигі көрсетілді.

Жиынды қорытқан Бауыржан Қуанышбайұлы:

–Бүгін дәстүрлі құндылықтар жөнінде әдемі ой-пікірлер айтылды. Мемлекетіміздің бүгінгі таңда алға қойып отырған мақсаты да халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа мирас ету болмақ. Осы керуенді ұйымдастырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүр жөнінде халықтың ортасына келіп, кеңінен наксихат жұмыстарын жүргізген, емін-еркін пікір алмасу өткізген азаматтарға алғысымызды білдіреміз, - деді.

®RG media - ақпараттық агенттігі