Мақтааралдың торқалы тойы тойланды

Қысқаша

Мақтааралдың торқалы тойы тойланды

28.jpg

Ақ алтынның мекеніне айналған Мақтаарал ауданының құрылғанына биыл 90 жыл. Мерейлі күн - Алтын күз мерекесімен қатар атап өтілді.Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шалғайдағы халықтың шат-шадыман қуанышына ортақтасып қайтты. Мақтарал ауданының 90 жылдық мерекесіне арналған салтанаты шараның шымылдығы «Мақтаралым - мерейлі мекенім» атты музыкалық театрландырылған қойылымымен түрілді. Ғасырға бергісіз уақытта тарихи кезеңдерді өткерген ауданның айтулы күніне жергілікті тұрғындармен қоса Өзбекстан Республикасы Сырдария облысынан келген делегаттар қатысты. «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен мерейлі мерекеге ортақтасқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев еңбекқор Мақтаралдықтарға деген ізгі тілегін жеткізіп озаттарды марапаттады.

Облыс әкімі  келесі кезекте Мырзакент кентінің орталық алаңындағы күзгі жиын-терім науқанын қорытындылауға арналған «Алтын күз – 2018» іс-шарасының бел ортасынан табылды.Биылғы жылы мақтааралдық диқандар 60 926 гектар жерге егістік ексе, оның 38  593 гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша бүгінге дейін 96 мың 600 тонна «ақ алтын» жиналған.  Аудан жеттістіктеріне тоқталған өңір басшысы шалғайдағы халықты төл мерекесімен құттықтады.

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы «Терме–бойтұмарым» атты термешілер байқауы, «Палау фестивалі» іс-шарасы, жастар арасындағы жайдарман ойындарымен өрнектелді.Мұнан соң аудан өнерпаздары көпшілікке  арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасын ұсынды.