Жаңа мектеп ашылды

Қысқаша

Жаңа мектеп ашылды

01.jpg

Жетісай ауданына жұмыс сапарында аймақ басшысы Жаңаауыл ауылдық округі Ынтымақ елдімекеніндегі Тұрар Рысқұлов атындағы 600 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына  қатысты. Бұған дейін үш ауысымда білім беріп келген орта мектеп ұжымын бүгінгі қуанышымен құттықтаған облыс әкімі жаңа, заманауи талапқа жауап беретін еңселі де, керемет мектептің сыныптарын аралап көрді. Ондағы шәкірттермен тілдесіп, олардың сабақтарын үздік оқып, еліміздің үлгілі азаматтары болуға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша одан соң, әкім Жетісай қаласындағы «AIIG Kazakhstan» ЖШС-нің мақта зауытында болған. Аталған зауытта 660 адам жұмыс істейді. Қуаттылығы жылына 40 мың тонна. 2013 жылы құрылған зауытта мақта талшығы, техникалық тұқым, линт, улюк дайындалады. Жалпы аумағы 5,6 гектарды құрайды. Мұнда өндірілген өнімдер негізінен еліміздің барлық аймағына таратылады. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, аудандағы «Озат терімші, «Ең үздік комбайншы», «Ең үздік терімші», «Ең үздік мақта зауыты» номинацияларының иегерлерін марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Жалпы Жетісай ауданында мақта теру науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазіргі таңда аудан бойынша 48226,8 гектар мақта алқабынан 126 мың 192 тонна шитті мақта жиналды. Ақ алтынның түсімділігі әр гектарынан 26,2 центнерді құрады.