Департамент қызметкерлері «Бал текстиль» компаниясының ұжымымен кездесті

Қысқаша

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

6.jpgҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталған болатын. Онда нақты міндетерді жүктеп, тиісті мекемелерді жұмыс істеуге шақырды.

Елбасы Жолдауына орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Бал Текстиль» компаниясының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері түсіндірілді.

Іс-шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен осы әдістердің тәжірибеде қолданылуын түсіндірді.

Сондай-ақ, Департаменттің бас маманы Г.Мұсабекова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдарын түсіндірді.

«Бал Текстиль» компаниясы кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын, ЖШС-і «Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аумағында тіркелген ірі кəсіпорын болып табылады. Нарықтағы жұмыс тəжірибесі – 21 жыл, қызметкерлер саны – 200-ден астам адам, Қазақстанда дистрибьюторлар саны – 400-ден аса.