Астанада пәтер жалдау бағасы бір жылда 13% қымбаттаған

Қысқаша

Жалдау құнының бірден көтерілуі Жазқазғанда байқалған. Тұрғын жай аумағының тарифі бір жылда 21% өскен.

Астанада пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 2676 теңгеге жалға беріледі, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13%-ға қымбат, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтырға қарағанда биыл жылжымайтын тұрғын үйді жалдау бағасы 4% өскен. Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, елімізде айына шаршы аумақтың тарифі 0,2% өсіп, 1341 теңгені құрады. ҰЭМ статистика комитеті жылжымайтын тұрғын үй бағасы мен тарифі туралы жаңа деректерді жариялады.

Тұрғын үйді жалдаудан ең қымбат қалалардың үштігінде бұрынғыша Астана, Алматы және Ақтау қалалары тұр. Астанада 1 шарщы метр 2676 теңгеге, Алматыда 2250 теңгеге, Ақтауда 2016 теңгеге жалға беріледі. Бағаның өсуі Астанада анық байқалады, жылдық өсім 13%-ға тең.

Биыл сәуірде пәтердің 1 шаршы метрі орташа есеппен 2676 теңгеге жалға берілсе, былтыр дәл осы уақытта жалдау құны 2358 теңгені құраған. Алматы қаласында Астанаға қарама-қайшы үрдіс жүрген, яғни мегаполисте жалға беру бағасы 7% арзандаған. Тұрғын үйді жалдау 2018 жылдың сәуірінде 2250 теңгені құраса, 2017 жылы дәл осы уақытта 2267 теңге болған.

Жалдау құнының бірден көтерілуі Жазқазғанда байқалған. Тұрғын жай аумағының тарифі бір жылда 21% өскен. Осы сәуір айында металлургтер қаласында пәтер жалдау 1 шаршы метріне 1107 теңге болса, бір жыл бұрын бұл баға 910 теңгеге бағаланған.