Болат Бақауов облыс әкімдерінің арасында оқ атудан мерген атанды

Қысқаша

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Отар» әскери базасында парад өтті.

Павлодар облысының әкімі өңірлер мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің дала жиындарына қатысып, Макаров тапаншасынан оқ атудан бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімдердің жиыны Жамбыл облысының «Отар» әскери базасында өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі сайтының хабарлауынша, 40-шы оқу полигонында аймақтардан келген және Астана, Алматы қалаларының басшылары атқыш қаруы мен әскери машиналардан оқ атқан.

Нәтижесінде Павлодар облысының әкіміне Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша бірінші орын алғаны үшін грамота мен «Мерген» ескерткішін сыйға тартқан. «Отар» базасында өтіп жатқан шеру барысында облыстар мен қалалардың әкімдеріне 2015 жылы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери белгілері табыс етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Отар» әскери базасында парад өтті.