Мемлекет басшысы Головкинге: Қазақстандықтар жетістіктеріңді мақтан тұтады

Қысқаша

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін», – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасында әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.