13 мың адам жер телімін алу кезегінде тұр

Қысқаша

Сондықтан баспана мәселесін шешу мақсатында көп қабатты үй салу жоспарланып отыр»,- дейді Бақтияр Мамаев.

Қарабұлақ ауылындағы орталық мешітінің бас имамы терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін бас бостандығынан айырылған болатын. Осы орайда ҰҚК  ішкі саясат басқармасымен бірлесіп арнайы жиналыстар өткізіп, аудандағы діни ахуалды бақылауда ұстап тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев мәлімдеді. 

Сайрам-696x464.jpg

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда орталық мешітте уақытша имам жұмыс істеп жатыр. Брифингте аудандағы діни ахуал ғана емес әлеуметтік-экономикалық жағдай да кеңінен әңгімеленді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджеті 104,5 пайызға артығымен орындалған. Өнеркәсіп өндірісі бойынша ауданның үлесі облыс көлемінде 4,2 пайызды құрайды. Яғни аудан үшінші орында тұр. Ауданда. жерге қатысты түйткілді түбегейлі шешу үшін әкімдік көпқабатты үйлер салуды қолға алмақ. Азаматтарды баспанамен қамту үшін аудан орталығына жақын маңнан  көпқабатты 300 үйдің құрылысы басталады. Ол үшін 180 азаматқа тиесілі 300 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне кері қайтарылып жатыр. Бүгінде жер иелеріне ескертулер беріліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Аудан халық тығыз орналасқан, 13 мың адам қазір жер телімін алу кезегінде тұр. Жер мәселесіне байланысты ауданда арнайы комиссия құрылып  тиісті іс-шаралар жүргізілуде.  Сондықтан баспана мәселесін шешу мақсатында көп қабатты үй салу жоспарланып отыр»,- дейді Бақтияр Мамаев.

Сондай-ақ, әкім ағымдағы жылы 6 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өнеркәсіп өнім көлемін 39,3 млрд.теңгеге, өсімді 8 пайызға жеткізу жоспарланғанын атап өтті.  Инфрақұрылым бойынша аудандағы 42 елді мекеннің 36-сында 24 сағат бойы ауыз су берілсе, 5 елді мекенде кестемен, 1-уі тасымал суын пайдаланады. 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші ауданда  86,2 пайызға жеткен. Балабақшамен қамту деңгейін жоғарлату мақсатында 3 нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылуда.