Ауыз сумен қамту 90,7 пайыз

Қысқаша

Өңірде инфрақұрылым саласы да өз шешімін тауып келеді.«Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 57 елді мекеннің 40-ы ауыз сумен 24 сағат бойы қамтылып, көрсеткіш 90,7 пайызын құрады

Ордабасы ауданында бюджет жыл басында 14 млрд. 817млн. 139 мың теңгеге бекітілген, ал жыл ішінде 2 млрд. 821 млн. 562 мың теңгеге ұлғайып, 17 млрд. 638 млн. 701 мың теңгені құраған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қайыпжанов Рашид мәлімдеді.

Ордабасы-696x464.jpg

 Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай Ордабасыда биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен 480 пәтерді ел игілігіне беру көзделуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 720 орындық 5 жекеменшік балабақша ашып, балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің қамтылуын 87,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Аудан басшысының айтуынша, «Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010-2015 жылдар аралығында 11 жоба іске қосылып, 1027 азамат жұмыспен қамтылған.

Өңірде инфрақұрылым саласы да өз шешімін тауып келеді.«Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 57 елді мекеннің 40-ы ауыз сумен 24 сағат бойы қамтылып, көрсеткіш 90,7 пайызын құрады. Өзге 17 елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланады, ол жалпы халықтың 9,3 пайызы. Халықты көгілдір отынмен қамту бойынша 2022 жылы аудан халқының 100 пайызы толығымен табиғи газбен қамтылады деп жоспарлануда», — деді Рашид Қайыпжанов.