Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам (видео)

Қысқаша

Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын - Қанат Ислам (видео)

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың рухына арнайтынын айтты.

Канат Ислам.jpg

- Кеше елімізде қайғылы жағдай болды. Қанша сәбиімізден айырылып қалдық. Алла тағала олардың жанын жәннаттық қылсын. Мен осы жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді. Өте өкінішті, - деді Қанат Ислам жеңісінен кейін рингте.

Боксшы ел басқарып отырған азаматтарға үндеу жасады.

- Біздің елім, жерім дейтін, елді басқарып отырған ағаларымыздың құлағына алтын сырға: қарапайым халықпен бірге болыңыздар. Аспанға ұшып кетпеңдер. Аяқтарың аспаннан салбырап түскен жоқсыздар. Бәрің біз секілді екі уақыт тамақ жеп, екі уақыт дәретханаға баратын адамсыңдар. Әрқашан да халықтың қамын жеңдер, кім болсаң да. Қарапайым халқым, мен әрқашан да сіздермен біргемін. Жеңісім әрқашан сіздер үшін. Аман болыңыздар. Осы дерттен бәріміз аман-есен өтейік, - деді Қанат Ислам.