Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті

Қысқаша

Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан түркі әлемінің барлық елдерімен серіктес. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашы болдым. Ең маңыздысы – елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», – деді Елбасы.

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасының Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болуымен құттықтады.