Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара өтті

Қысқаша

Аталған мекемеде 2018 жылы істі болған қызметкерлер бар екені айтылды.

5c385bd236404.jpg

Бүгін,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Шымкент қаласы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын нығайту мақсатында қоғам назарына ілінген сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тиісті мемлекеттік органда талқылау. Аталған шара барысында К.Қабылбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың себеп-салдарын жан-жақты түсіндіре келе, аталған мекемеде 2018 жылы істі болған қызметкерлер бар екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Камал Қожахметұлы мекеме басшылығының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды. Ал, Департаменттің бас маманы Жазира Салханқызы қатысушыларға әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыстағы және одан тыс уақыттағы іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне қарап, жалпы мемлекеттік қызмет жүйесіне баға берілетінін, мемлекеттік қызметте кәсіби біліктіліктен бөлек жеке қасиеттер де маңызды екендігін айтты. Іс-шара барысында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.