Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгереді

Қысқаша

Ертең елордада бірқатар автобус маршруттарының бағыты өзгереді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлайды.

329ed6ba6fb8ea6d64b7740573dffaa9_resize_w_520_h_.jpg

«23 желтоқсан күні сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін II Astana Winter Marathon спорттық іс-шарасының өткізілуіне байланысты автобус қозғалысы Байтұрсынов көшесі бойында (Қошқарбаев – Момышұлы қиылысынан Байтұрсынов – Жүргенов қиылысына дейін) шектеледі», - делінген хабарламада.Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, ертең 7 автобус маршруттарының бағыты өзгереді.№ 3 бағдар «Темір Жол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік – Қошқарбаев қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі солға қарай Қошқарбаев көшесіне бұрылады, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 19 бағдар «Тельман т/а» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев – Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 21 бағдар «Темір Жол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік – Байтұрсынұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Тәуелсіздік даңғылымен тура, Қошқарбаев даңғылына оңға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 29 бағдар «Хан Шатыр ойын-сауық орталығы» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев-Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 32 бағдар «Бал-бала балабақшасы» бастапқы аялдамасынан Тәуелсіздік - Нәжімеденов қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Нәжімеденов даңғылына оңға, А 82 көшесіне оңға, Байтұрсынов көшесіне оңға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 40 бағдар «Клиникалық оңалту кешені» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев – Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.№ 100 бағдар «Халықаралық әуежай» бастапқы аялдамасынан Қошқарбаев –Момышұлы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі қарай Қошқарбаев даңғылымен тура, одан әрі өзінің белгіленген қозғалыс сызбасымен қозғалады. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қозғалады.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.