Димаш Құдайберген Шанхайдағы кинофестивальде жыл әншісі атанды

Қысқаша

Әнші бұл жеңісін қазақстандықтарға арнап, отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

d096cbb30c2049a26ab351d4c4de1227_resize_w_520_h_.jpg

Димаш Құдайберген Шанхайдағы The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі атанды. Ол бұл жөнінде Инстаграмдағы өз парақшасында жазды.

«Мереке қарсаңында, The Silk Road Cohesion Awards 2018 марапаттау салтанатында «Жыл әншісі» атандым және Ұлы Жібек жолы елдерінің шешімі бойынша «Жібек жолы мәдениетінің елшісі» болдым. Өте қуаныштымын. Менің әрбір жеңісім менің Отаным және тыңдармандарым үшін. Шанхай. Тағы да мерекелеріңізбен!» - деп жазды Димаш Құдайберген.