Студенттердің ең үздік жобалары анықталды

Қысқаша

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасында «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

bb0f3e2405f4d977dfb7929ec127fb04_crop_l_14_t_176_w_5735_h_3226_resize_w_520_h_.JPG

Шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, БАҚ басшылары, ұстаздар мен студент жастар қатысты. Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.

«Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған. Конкурс мақсаты – үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау.

Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 100idea.kz сайтында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурсқа материалдар қабылданғанын болатын.

Нәтижесінде 100-ден аса келіп түскен ұсынымдар ішінде конкурс талабына сай 60 ұсыным іріктеліп, оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Қаратаева Балжан Мұратқызы мен Емангалиева Камила Аскаровна ұсынған «Alshy» - ұлттық брэнд» жобасы конкурстың жүлделі I орынды иеленіп, ноутбук ұтса, ал Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Жолдыбай Алтынай Ерболқызы ұсынған «Digital University» жобасы конкурстың жүлделі II орынға шығып заманауи планшет ұтып алды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Оразбек Айгерім Тәнірбергенқызы ұсынған «Тіл туризмі» жобасы конкурстың жүлделі III орнына өтіп, ұялы телефонға ие болды.



Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.