Алматының Алатау ауданына 10 жыл толды

Қысқаша

Мемлекет басшысы осыдан 10 жыл бұрын Алматыда жаңа Алатау ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бүгінгі күні аудан мегаполистің жедел өркен жайған елді өңіріне айналды, он жыл ішінде аудан тұрғындарының саны 70%-ға өсіп, 250 мыңнан астам адамға жет

22.jpg

Орталықтандыру қағидасы бойынша мұнда 12 мектеп, 12 медициналық мекеме, сонымен қатар 98 мемлекеттік және жеке балабақшалар ашылған.

Алматы әкімі өзінің сөзінде 10 жыл ішінде ауданды дамытуға 430 млрд теңге жұмсалғанын, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, 2,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын айтып өтті.

«Елбасы осы 10 жылда Алатау ауданына 10 рет келді. Мемлекет басшысы ауданның даму барысымен тұрақты танысып, ұдайы қолдау білдіруінің арқасында бүгінде Алатау ауданы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа орталыққа айналды. Бүгінгі күні қаламыздың әрбір 7-ші тұрғыны Алатау ауданында тұрады, сондықтан жайлы қала кеңістігін құру мақсатында биылғы жылы 600 орынды тағы бір мектеп және 880 орынды төрт жаңа бала бақша іске қосылады. Бұлардан өзге, тағы бір жаңа аурухана мен екі емхана салынады», - деді Бауыржан Байбек.

Ол сондай-ақ болашақта Алатау ауданы Алматының қуатты өндіріс орталығына айналатынын айтты. Ел Президентінің индустрияландыру бағдарламасын ұсынған бастамасы аясында мұнда арнайы Индустриалды аймақ құрылды. Қыркүйек айында ғана ауданда жапондық, ресейлік, қытайлық және итальяндық инвестициялар есебінен бірнеше жоғары технологиялы зауыттар ашылған.

Алатау ауданында бірқатар мәдени және спорт объектілері бой түзеді, оның ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Қолөнершілер орталығы, Универсиада мұрасы – «Алматы Арена» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке қаржы есебінен салынған жеңіл атлет стадионы бар.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.