Сайрамда мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қысқаша

Адам өмірін сақтандыруда - профилактикалық іс-шаралар жүргізген абзал. Оның берер пайдасы ұшан-теңіз. Түсіндіру жұмыстарының арқасында қаншама адам өз бағыттарынан айнымай, тура жолмен жүреді. Теріс жолға түспейді. Алданбайды.

17.jpgАдам өмірін сақтандыруда - профилактикалық іс-шаралар жүргізген абзал. Оның берер пайдасы ұшан-теңіз. Түсіндіру жұмыстарының арқасында қаншама адам өз бағыттарынан айнымай, тура жолмен жүреді. Теріс жолға түспейді. Алданбайды.

Жақында Созақ ауданы Құмкент елді мекеніндегі "Сатыбалды қары" атындағы мешітте жамағатымен "Теріс діни бағыттағы топтардан сақтану" жəне «Интернет желісіндегі теріс діни ақпараттардан сақтану» деген тақырыпта ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оны ұйымдастырған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ Созақ ауданыныңдағы бөлімінің маманы Қуаныш Қосмаханов.

Шалғайдағы ауданы, адамдары интернетке байланып қалған қаладан алыста орналасқанымен ауылдағы азаматтардың арасында да интернет арқылы теріс ағымдардың жетегінде кетіп қалып жатқандар бар. Демек, ауылдағы ағайындардың арасында да түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек деген сөз. Мешітке жиналған жамағат ата-бабамыз ұстанған жолдан асылы, дәстүрімізден артығы жоқ екенін айтады. Дегенмен, айналасындағы үлкендерден қолындағы смартфонымен көп сөйлесетін кей жас теріс жолға қалай түсіп кеткенін білмей қалып жатыр. Сондықтан, жастармен түсіндіру жолдарын бірлесе жүргізуге келісті.

Жиналыс соңынан мешіт жамағатына "Дін жəне дəстүр тағылымы" жəне "Дін жəне қазіргі заман" атты кітапшалары таратылды.