Жастар және дін

Қысқаша

Кез-келген қоғамның ең негізгі қозғаушы күші – жастар. Себебі, жастардың қарасы көп және олар өте белсенді болады, Жастар бір жұдырықтай жұмылса, кез-келген кедергіні бұзып-жарып, кез-келген жүйенің тас-талқанын шығара алады.

Кез-келген қоғамның ең негізгі қозғаушы күші – жастар. Себебі, жастардың қарасы көп және олар өте белсенді болады, Жастар бір жұдырықтай жұмылса, кез-келген кедергіні бұзып-жарып, кез-келген жүйенің тас-талқанын шығара алады. Сондықтан да, жастарды дұрыс бағытқа сілтей білген абзал. Дұрыс бағытқа түскен алып күш орасан зор жұмыстарды әп-сәтте атқарып тастайды.

Осыған орай, қазан айының 3-ші жұлдызында Түркістан қаласы №21 колледжде Түркістан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша оқушылар арасындағы «Жастар және дін» атты форум өтті. Бұл форумда жастарға дін тақырынба көптеген ақпараттар келтірілді. Оларға теріс діни ағымдардың зияны түсіндіріліп, оған мүлдем жуымау керектігі, егер теріс діни ағымды байқаса, оған қарсы заң шеңберінде күрес жүргізу керектігі айтылды. 

Форумға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Қ.Арабов, Түркістан қаласының «Ақмешіт» мешітінің имамы, Түркістан қаласы ІІБ жасөспірімдермен жұмыс инспекторы, сонымен қатар Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Б.Нуритдинов қатысты. Түркістан облысының барлық аудандарынан келген оқушыларды қоғамда, жастар арасында орын алып жатқан оқиғалар толғандыратынын, қойылған сұрақтардан да жастардың бұл оқиғаларды бей-жай қалдырмайтындығы байқалды. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын арнайы мамандарға қойып, толыққанды жауаптар алды. 

Оқушылар тарарынан болған сұрақтан, олар көптеген діни мәселелердің күнгей жақтарын, ньюанс тұстарын біле бермейтіні анықталды. Осыған орай, теолог мамандар тарапынан оқушыларға дін тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, алдағы уақытта оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болатын болды.