"Ғаламтордағы махаббат бомбасы" тақырыбында кездесу өтті

Қысқаша

Көптеген ұлт өкілдері тұратын жерде ұлтаралық, діни араздықты тудыру өте оңай. Себебі, көп ұлт қоныстанған жерде түрлі дін болатыны белгілі. Әрбір ұлт өз менталитеттеріне сәйкес келетін дінді ұстанады. Ал, Қазақстан – зайырлы мемлекет болғандықтан, бізде

159.jpgКөптеген ұлт өкілдері тұратын жерде ұлтаралық, діни араздықты тудыру өте оңай. Себебі, көп ұлт қоныстанған жерде түрлі дін болатыны белгілі. Әрбір ұлт өз менталитеттеріне сәйкес келетін дінді ұстанады. Ал, Қазақстан – зайырлы мемлекет болғандықтан, бізде дінде зорлық жоқ. Республика азаматтары ділдері сәйкес келетін дінді ұстанады. 

Осыған орай, көп ұлт қоныстанған Түркістан облысы, Сайрам ауданында ұлтаралық-діни ахуалды басты назарда ұстаған абзал. Бірлік, татулық болған жерге береке қонатыны белгілі. Ал, ұрыс-керіс, айқай-шу орын алған жерге береке 40 күн жоламайды деген түсінік тағы бар.  

Бүгінде ел ішіндегі татулықты ғаламтор желісі арқылы бұзатындар шықты. Олар, ойы бұзық адамдар интернет арқылы жас балалармен танысып, оларды өз мақсаттарына пайдаланғысы келеді. Сондықтан да, балаларға ғаламтормен жұмыс істеуде бірнеше маңызды қағидаларды түсіндірген абзал.

Осыған орай, жақында Сайрам ауданы, Жібек жолы ауыл округіне қарасты 80-ші Машат атындағы мектеп оқушыларына "Ғаламтордағы махаббат бомбасы " тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы И.Батыр жүргізді. Теолог маман оқушыларға интернетте бейтаныс жандармен танысуға болмайтынын, және ол ересек кісі болса мүлдем байланыс орнатпауын айтты. Егер интернеттегі бейтаныс жан оқушыдан әлдене дәметіп, қорқытып-үркітсе немесе жақсы көретіндерін айтып сезімдерін білдірсе бұл жөнінде дереу ата-анасына, мектеп әкімшілігіне ескерту керектігін жеткізді. Оқушылар бұл кеңесті жылы қабылдады.

Жиын соңында оқушыларға жəне мектеп мұғалімдеріне "Ғаламтордағы махаббат бомбасы", "Зайырлық", "Діндер тарихы" кітапшалары таратылды.