Қарттарарын ардақтаған Арыс

Қысқаша

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпақтарына ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше.

158.jpgЕл мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпақтарына ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше.

Үлкенді сыйлау оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салт. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.

Еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпаған қарттарымызға құрмет көрсету басты парыз. Үлкенді сыйлап, қарттарын ардақтау – Мәңгілік Елдің азаматтарына тән қасиет. Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік Ел» идеясы жөнінде айтқанда қарттарды қадірлеу керектігін айтқан болатын. 

Осы мақсатта 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы, ардагерлер кеңесінің мүшесі Ж.Достанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ағыбаев пен «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің басшысы Е.Сқақов Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Кенжебековтың, тыл еңбеккерлері мен ардагер қариялар О.Ақболаев пен Т.Ысқабайдың шаңырақтарында болып, ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, хал-жағдайларын біліп, сый-сияпат жасады.

Қала әкімдігінің өкілдері ардагер қарттарға бүгінгі ұрпақтың еш алаңсыз өмір сүруі мен еліміздің бейбіт өмірде болуы, өсіп-өркендеуі барысында еткен еңбектеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. 

Қала басшылығының мереке қарсаңында арнайы құттықтап келіп, жылы лебізі мен ыстық ықыласын білдіріп, көңілдеріне демеу болғанына ризашылық танытқан ардагерлер ізгі тілектерін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.