Әлемдегі бар жақсылық - балаларға!

Қысқаша

Бүгінде халқы бір облыспен пара-пар деуге келетін Сарыағаш ауданында өмір қыз-қыз қайнап жатыр. Мұнда ауыл шаруашылығы өркендеп, халықтың жағдайы жақсарып келеді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсететін орындар саны да артуда.

151.jpgБүгінде халқы бір облыспен пара-пар деуге келетін Сарыағаш ауданында өмір қыз-қыз қайнап жатыр. Мұнда ауыл шаруашылығы өркендеп, халықтың жағдайы жақсарып келеді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсететін орындар саны да артуда. Әсіресе, балабақшалар көптеп салынып жатқаны қуантады. Себебі, аудан халқы жылдан-жылға көбейіп келеді.

Бүгін мұнда жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Ай-Мейірім» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған балабақшада 75 бала тәрибеленеді. Нысанды салуға және ашуға 178 млн. теңге инвестиция тартылған. Қазір бұл мекемеде 28 адам тұрақты жұмыс істеп жүр. Кең, жарық мекемеде балалар шат-шадыман болып ойнап жүр. Ал, оларды тәрбиешілер өз жұмыстарын, өздеріне жүктелген міндеттерді біледі. Тәрбиешілер әр баланы өз баласында көріп, оларға сапалы қызмет көрсетуде. Себебі, мейірімге шомып өскен баланың жүрегі кең, ұлтжанды, патриот, батыл болып өседі. Сапалы ұрпақ – ел келешегі екені айтпаса да түсінікті.

Балабақшаны ашып берген Ж.Қансейітұлы мемлекет тарапынан білім саласына айрықша қамқорлық көрсетіліп жатқанына тоқталып, тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтады. Бүгінде Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр. Балабақшадан соң мектепке баратынан балалар саны артып келеді. Демографиялық ахуал жақсы. Осыған орай, алдағы уақытта да мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны артады деген болжам бар.