Тұрғындар жаңа көпірдің игілігін көрмек

Қысқаша

Үзіліп тұрған екі ортаны жалғау – қайырлы іс. Әсіресе, көпір салу – көп сауап береді. Себебі, көпір арқылы адамдар діттеген жеріне тез жетеді. Бұл жерде ең бірінші уақыт және күш үнемдейді.

105.jpgҮзіліп тұрған екі ортаны жалғау – қайырлы іс. Әсіресе, көпір салу – көп сауап береді. Себебі, көпір арқылы адамдар діттеген жеріне тез жетеді. Бұл жерде ең бірінші уақыт және күш үнемдейді.

Міне, осындай қайырлы іс жақында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жүзеге аспақ. Мұнда республикалық маңызы бар тасжолындағы 6 көпір мен 3 жерүсті жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға беріледі.

Келес өзеніндегі көпірді құрылысшылар небәрі бірнеше айда салып бітті. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында басталған. Ал дайындық кезеңі көктемге дейін ұласқан-ды. Құрылысшылардың айтуынша, ең қиынға соққаны — өзеннің арнасынан тасу кезімен арпалысу болыпты. Бұл жұмысшыларды әбігерге салғанымен, жергілікті жұрт бұл жағдайда үйреніп қалған. Себебі әр көктемде өзеннің деңгейі көтеріледі. Десе де 25-тамыз күні бұл көпірмен алғашқы көліктер жүре бастады.

Осы құрылысты жүргізіп жатқан «ЖБИ» ЖШС-нің бас инженері Төрехан Дүйсенов:

- Республикалық маңызы бар тасжолдағы бағыттар тоқтамауы керек. Ал үлкен көпірді салуда уақытша көпірді бұзбаймыз. Әзірге бұл да қажетімізге жарап тұр. Ал үлкен көпірдің ұзындығы — 57, ені — 10 метрге теңеседі. Екі жақтама 1,5 метрдей жаяу жүргіншілер жолы салынады, - дейді.

Ені 17 метр болатын металл құрылымның төбесі, көпірдегі жолүсті баспалдақтары — барлығы — ыстыққа төзімді, балқуға жол бермейтін жасақтармен жабдықталыпты. Сондай-ақ, мүгедек жандар үшін де арнайы сырғыма-баспалдақтар жасалыпты. Жауаптылар жылдың соңына дейін дәл осындай 3 көпірдің қолданысқа берілетінін айтып отыр.