Жетісайда елдімекендер арасындағы жолдар жөндеуден өтуде

Қысқаша

Алда қыс маусымы келе жатыр. Қыстыңгүні жолға қар түсіп, жүріп-тұруға кедергі жасайтыны белгілі. Қар топырақпен араласса, жер ми батпақ болып, көптеген қиындықтар тудырады. Сол себепті де, күн күттірмей ауылдар ішіндегі жолды жөндеген абзал.

101.jpgАлда қыс маусымы келе жатыр. Қыстыңгүні жолға қар түсіп, жүріп-тұруға кедергі жасайтыны белгілі. Қар топырақпен араласса, жер ми батпақ болып, көптеген қиындықтар тудырады. Сол себепті де, күн күттірмей ауылдар ішіндегі жолды жөндеген абзал. 

Осыған орай, Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауыл округіндегі жолдар жөндеуден өтуде. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жол жөндеу жұмыстарында көзбояушылыққа жол берілмеуі керек. Әсіресе, төселініп жатқан асфальт жолдардың ені мен қалыңдығы талаптарға сай болуы қажет. Бүгін бұл туралы Атамекен ауыл округіне қарасты Жеңістің 40 жылдығы елдімекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. 

Аудан басшысы алдымен Атамекен ауыл округінің орталығына атбасын бұрып, ұзындығы 1220 метрді құрайтын Халықтар достығы көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарын бақылап шықты. Мұнда қазір мердігер «Дәулет» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы сметалық құны 14 млн теңгені құрайды. Бүгінде аталған ауылда 4 мыңға жуық тұрғын түтін түтетіп отыр. Олар орталық көшеге асфальт төселініп жатқанына ерекше қуануда. 

Тұрғындармен тілдескен аудан әкімі алдағы уақытта бірінші кезекте барлық ауыл округтеріндегі мектепке баратын жолдарды асфальттауға күш салынатындығын жеткізді. Айта кетейік, 2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Атамекен ауылдық округіндегі Халықтар достығы мен Бірлестік көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, биыл 8-наурыз, Мақташы, Арайлы, Жемісті, Диқан, Қоғалы ауылдарындағы көшелерін орта жөндеуден өткізу мақсатында сметалық құжаттамалары толығымен әзірленген. Оған қоса, Мақташы және Қоғалы ауылдары аралығын жалғап тұрған көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттамалары жасалынып, сараптамадан өткізілуде.