Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қысқаша

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді. Мақсатқа жету үшін біріге білу керек. Осы орайда, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Төрткүл ауыл округінде тағы бір ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлай

69.jpg"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді. Мақсатқа жету үшін біріге білу керек. Осы орайда, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Төрткүл ауыл округінде тағы бір ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Заңғар Агро» кооперативінің төрағасы Жұмабай Қасеннің мәлімдеуінше оның 70 мүшесі бар. Иелігіндегі 707 гектар жерге болашақта мақта, көкөніс, жүгері мен жоңышқа егіп, пайдаға кенелмек. 

Жалпы, өткен жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында «Үш жақты» индикативті көрсеткіштердің іс-шара жоспары құрылып, соған сәйкес, ет, сүт өндіру, мал сою бекеттері, бордақылау алаңдары, жылыжай, көкөніс дайындау бекеті, құс, балық, түйе шаруашылықтары бойынша Ордабасы ауданына 7 (жеті) бірлік ауыл шаруашылығы кооперативін (бұдан әрі – Кооператив) құруды ұйымдастыру тапсырылған. 

Ауыл шаруашылығы мамандары тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауданда жыл қорытындысымен 28 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Оның 12-сі индикативтік көрсеткіштерге сәйкес жұмысын бастады. Олардың сүт бағытындағысы – 5, ет бағытында – 2, құс бағытында – 2, жеміс-жидек дайындау бекеттері бағытында – 1, түйе шаруашылығы бағытында – 1, отбасылық жылыжай бағытында – 1 АӨК.

Шұбар ауыл округінде сүт бағытында құрылған «Али Азим Ай» АӨК-і «РИЦ Оңтүстік» ЖШС арқылы 5 млн 100 мың теңгеге сүт қабылдау бекетін алды. Қараспан ауыл округінде «Ақжол-Агро-1» АӨК-і «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 5 000 000 теңгеге сүт қабылдау бекетіне ие болды. Сүт қабылдау бекетінің 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған. Ет бағытында – Қарақұм а/о «Сәтті жол-1» АӨК мал сою бекетінің құрал жабдықтарын алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 25 млн теңге несие алынды.