Оқушылар қоғамдық жұмыспен қатынайды

Қысқаша

Қашанда болмасын, жол – өзекті мәселелер қатарында болып келді. Жолдан бөлек, жол жүру деген тағы бар. Яғни, жол салып қана қоймай, сол жолмен жүретін көлік мәселесін шешу де басты назарда. Әсіресе, жол жүру мәселесін мектеп оқушыларына шешіп берген абзал

33.jpgҚашанда болмасын, жол – өзекті мәселелер қатарында болып келді. Жолдан бөлек, жол жүру деген тағы бар. Яғни, жол салып қана қоймай, сол жолмен жүретін көлік мәселесін шешу де басты назарда. Әсіресе, жол жүру мәселесін мектеп оқушыларына шешіп берген абзал. Себебі, олар әлі оң-солын танымайды, кішкене қиындыққа шыдамай морт сынып кетуі мүмкін. Сондықтан да, оларға барынша қолдау көрсету керек.

Осыған орай, жақында «Леңгір қаласы тұрғындарының назарына!» айдарымен «Төлеби автобус паркі» ЖШС-і 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қалаішілік автобустар қозғалысын жандандырды. 

Бүгін таңғы сағат 7:30-дан бастап сапқа тұрған 8 автобус «Райхан аялдамасы-қала іші-жаңа емхана-мөлтекаудандар» бағыты бойынша жолаушы тасымалына кірісіп кетті. Әрбір автобустардың арасындағы уақыт ұзақтығы небәрі 7-8 минутты құрайды. Ала таңнан кешкі сегізге дейін мектеп оқушылары мен жолаушыларды тасымалдайтын автобустарға, жол-көлік қозғалысына қолайлы жағдай тудыру үшін жолаушылардың қоғамдық көлікті арнайы орнатылған аялдамаларда күтуі керек. Нәтижесінде, ересек аудан тұрғындарынан бөлек, мектеп оқушылары сабақтарына кешікпей дер кезінде жетіп бара алады. 

Жол жүру құны ересектер үшін - 40 теңге, мектеп оқушылары үшін - 30 теңге. Биыл 7 тамызда қалашілік бағытта жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау құқығына конкурс жарияланып, конкурстық комиссияның шешімімен «Төлеби автобус паркі» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды. Осыған орай, Төлеби ауданы әкімдігі тұрғындардан автобус қатынасының іркіліссіз, сапалы жүруі тұрғындардың қолдарында екенін айтып, осындай игілікті шаралардың тұрғындар мен жас ұрпақ үшін жасалынып жатқанына түсіністікпен қарауды сұрады.