Семейде ер адам 12-қабаттан құлап кетті

Қысқаша

Семейлік тұрғын 12-қабаттан құлап кетті

50.jpg19-қыркүйек күні жедел жәрдем қызметінің пультіне 30 жастағы ер адамның 12-қабаттан құлап кеткені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар ер азаматтың үйдің төбесіне телевизиялық антенаны жөндеуге шыққанын білген. Алайда ол абайсызда 12-қабаттан сүрініп кетіп, тұрғын үйге жалғастыра салынған үйдің 9-қабатына құлаған.

Құтқарушылар 1988 жылы туылған азаматты зембілге салып, жоғары қабаттан түсірген. Кейін тұрғынға жедел жәрдем қызметкерлері тиісті медициналық көмек көрсеткен.

Құтқару оперициясына жеке құрамның 3 маманы және арнайы техника жұмылдырылған.