Алматыда жол апатында жаяу жүргіншінің аяғы жұлынып кетті

Қысқаша

Қайғылы оқиға түнде Рысқұлов даңғылы бойында болған

b8f310e710c8ec895dd337ddf5010cd6_crop_l_6_t_3_w_526_h_296_resize_w_520_h_.jpg

Куәгерлердің айтуы бойынша, жігіт ішімдік ішкен болуы мүмкін, өйткені ол жолға түрлі қоқыстарды тасып жүрген. Аялдамадағы қоқыс жәшігін жұлып алып оны да жол бойына апарып тастаған. Ол жол қозғалысын тоқтатқысы немесе таксилердің назарын өзіне аудартқысы келген сияқты.


Қатты жылдамдықпен келе жатқан BMW 5 автокөлігінің жүргізушісі жол бойында тұрған ер адамды тым кеш байқап, көлікті тоқтатып үлгермеген.


Соққының қатты болғаны сондай жас жігіт көліктің алдыңғы терезесінен кіріп, артқысынан бірақ шыққан. Оның үстіне екі аяғы бірдей жұлынып кеткен. BMW жүргізушісі 100 метрдей жүріп барып әрең тоқтаған.


Оқиға болған жерде жол және қылмыстық полиция жұмыс істеп жатыр, қаза болған адамның жеке басы тұралы мәліметтер анықталуда.